Мектептің іргетасын ел басқарған азаматтың бірі Жобаев Сансызбай қалатқан. 1928 жылы ауыл адамдарының күшімен саман кірпіштен үй тұрғызып, «Екіашаның» қарағайын өгіз арбамен тасытып, Дадай  деген ұста  адамның қолымен төбесін жапқызады да, қазіргі «Тарас»  ауылының  бастауыш  мектебін ашады. Оның айналасына 100 түп алма ағаш, 150-ге жуық терек,  қарағаш отырғызады. Алма бағы 1956-1957 жылдарға дейін жеміс берді.
Алғашқы ұстаз  болып Емберген еңбек етеді. 1936 жылдан 1973 жылға дейін бастауыш мектептің меңгерушісі Нұрмұханбет Еженов болды. Осы бастауыш мектеп кезінде еңбек еткен ұстаздар:
Алтынбекова Рашида (1936-1973), 10 бала тәрбиелеген Батыр ана. Ыдырысов Қожахмет (1963-1973), Ұлы Отан  соғысының ардагері. Ерденбаев Сламбек 1961-1971 жылдары сабақ берген.
Мектеп 1973 жылы Тарас сегіз  жылдық мектебі болды.
Мектепті басқарғандар: Күнболатов Қуаныш (1973-1974), Садуақасова Хафиз (1974-1982), Каипов Бидахмет (1983-1987). 1987 жылдан Тарас негізгі  мектебін Битөлеу Қонаев басқарып келеді.
Мектепте 12 жоғары, 6 арнаулы орта білімі бар ұстаздар  еңбек етеді.