Сабақтың  тақырыбы:      Paint   графикалық  редакторының құралдары.
   
Сабақтың  мақсаты:
        а) Білімділік:         Графикалық  редакторды не үшін   қолданылатынын және оның мүмкіндіктерін  түсіндіру.
          ә) Дамытушылық:  Сурет салуды және оны редакциялауды  түсіндіріп, көрсету арқылы  ой-өрісін тереңдету.
          б)  Тәрбиелілік:          Адамгершілікке,  Отансүйгіштікке  тәрбиелеу. Пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Сабақтың  әдісі:                Түсіндірмелі-мысалды  әдіс

Сабақтың  түрі:                 Жаңа тақырыпты таныстыру сабағы

Сабақтың  типі:                Практикум элементтері  бар түсіндіріп көрсету

Сабақтың  көрнекіліктері:   Суреттер,   үлестірме қағаздар, Paint  терезесі  салынған  плакат, құрал-саймандары.

Сабақтың  барысы:       І.   Ұйымдастыру кезеңі
- амандасу
- түгендеу
- оқушылардың  назарын сабаққа  аудару.

ІІ.  Графикалық  редакторда   өз бетінше  еркін  жұмыс істеуге үйрету.

ІІІ.    Жаңа  тақырыпты  түсіндіру
1. Графикалық  редактор -  графикалық  бейне түріндегі суреттерді   салуға  және оларды  өңдеуге арналған арнайы  бағыттағы программа.  Қазіргі кезде  нүктелік (немесе  растрлық)  және векторлық деп аталатын   графикалық  редакторлардың екі түрі бар.  Нүктелік   графикалық редакторларда  кез-келген сурет пиксельдер   деп аталатын нүктелерден   тұратын кішкене бейнелер(мозайка)   арқылы салынады,  ал нүктелердің  әрқайсысы  түрлі   түске бояла алады.
Paint – Windows жүйесінің стандартты  программалар тобына кіретін   қарапайым  нүктелік  графикалық  редактор. Paint  өзінің  мүмкіндіктері жағынан профессионалды  графикалық  редактордан  біршама  төмендеу    болғанымен ол едәуір  күрделі  әрі тартымды,  түрлі-түсті және тартымды,  түрлі-түсті  және ақ-қара суреттерді,  схемаларды, суреттерді, сызбаларды, (чертеждар)  даярлауға мүмкіндік  береді. Бұл редакторды игеру    онша  қиын емес,   оның  құрамында сурет салу  және оларды  өңдеуге арналған  стандартты  қарапайым  аспаптар  жиыны бар, дайындалған бейнелер  файлдардың  кең  тараған   графикалық  форматында  сақталады.
2.  Редакторды  іске қосу үшін:

     ПУСК              ПРОГРАММЫ             СТАНДАРТНЫЕ                PAINT
   (Іске қосу)                 (бағдарламалар)                            (стандартты)                          (Paint)

     Команда  орындалғаннан  кейін,  экранға  Paint  терезесі  шығады.

Терезе  құрамында бізге  осыған дейін  таныс элементтер мен жаңа  элементтер  ( тақырып жолы, меню жолы, жұмыс аумағы, жалпы жағдай    және  құралдар тақтасы, палитра)  кездеседі.
Жұмыс аумағы – салынатын  графикалық бейне  орналаса алатын   экранның  тіктөртбұрышты  ауданы.
Терезенің  сол жақ шеткі қабырғасында   құралдар тақтасы  орналасқан. Paint  редакторында  16 құралды  пайдаланамыз. Кез-келген  құралды таңдау  үшін  құрал  белгісіне  курсорды алып барып,  бір рет шерту  жеткілікті. Осыдан кейін   таңдап алынған құрал   бейнесі айқын  түспен ерекшеленеді.
Терезенің  төменгі  жақтауы  бойымен  түстер  палитрасы орналасқан.  Paint –та  бір уақытта екі  түспен сурет алуға болады:  қалам түсімен (   оны негізгі түс деп атаймыз),  және фон түсімен (фондық). Палитраның сол жақ шетінде  бірі екіншісінің  ішіне орналасқан  кішкене екі тіктөртбұрыш  тұр,  осылардың  үстіңгісі – негізгі, ал астыңғысы – фондық  түстерді көрсетеді. Кез-келген  сәтте  түстерді  өзгерту  мүмкіндігі бар,  ол үшін курсорды палитрадағы  жаңа  түске апарып,  тышқанның  сол жақ батырмасын шерте  отырып,   негізгі түсті,  ал оң жақ батырмасын  басу арқылы – фондық  түсті  өзгертуге болады.
Құралдар  тақтасының  төменгі  жағында  сызықтар қалыңдығын   анықтайтын  терезе орналасқан. Сызықтар  қалыңдығын  таңдап алған соң,  соның  көмегімен   түзу  сызықты  доғаларды,  тіктөртбұрыштар мен  эллипс  контурларын   сызуға  болда.  Сызықтың  қалыңдығы   сондай-ақ мыналарға да әсер етеді:
- аэрозоль  балонының  саясының  ені,
- өшіргіш /ластик/ ені,
- бояуыш  немесе  қылқалам /кисть/ ені.

    Менюді  пайдалана отырып,  терезеде құрал-саймандар тақтасын,  палитраны  және қалып-күй   жолын жарықтандыруға болады. Айналдыру  жолақтарын пайдалану арқылы  терезенің төменгі,  жоғарғы   жақтарын  көруге болады. Қалып-күй жолында   меңзердің  пиксельдеріндегі  координаттарын пайдалануға  болады.

ІҮ.  Тексеру  сұрақтары.
1. Paint  қандай редактор?
2. Paint  редакторы  іске қалай  қосылады?
3. Paint  элементтерін  ата.
4. Бір уақытта  неше  түспен  жұмыс жасауға болады?
5. Негізгі  түс дегеніміз не?
6. Фондық  түст дегеніміз не?

Ү.  Бекіту,   бағалау.
Тапсырма -1.                          Құралдарды  тап
Сынып  екі топқа  бөлінеді.   Тақтаға  16 құралдардың  аттары  екі қатарға бөлініп   жазылып қойылады. Әрбір топ  өз қатарындағы  жазылған сөздің  жанына  сол құралдардың  суреттерін  қойып   шығуы керек. 

Тапсырма – 2                        Paint  терезесін  салу
Екі топ элементтерді  пайдаланып,  Paint терезесін салып шығуы керек.

ҮІ. Үйге тапсырма.  4.1 – 4,2 тақырыптарды оқу