Кеңжыра елді мекенінде 1932-1934 жылдары Жаңабай молданың діни мектебі – мешіт болды. Жаппай  сауаттандыру кезеңі  басталған 1935 жылы сауат  ашу мектебі ашылып, онда Ұлы Отан соғысы басталғанға дейін Балтабай  Шүрегеев, Байғозинов Баймұхан мұғалімдік қызмет етті.
Соғыстан кейінгі жылдары Етекбаев Зарықхан, Ердембеков Сламбек ұстаздық етті. 1963 жылға дейін бастауыш мектеп болып тұрған кезінде меңгерушісі Мұхаметшанов Ғизат болды. 1963 жылы бастауыш мектеп 8 жылдық мектепке айналдырылды. Директоры – Мамбеталин Тастемір еді.
1969 жылы Кеңжыра  орта мектебі орыс-қазақ аралас мектеп болып қайта  құрылды.  Мектепке басшылық  еткен азаматтар: 1970 –1976 жылдары Кәріпбаев Заманбек, 1976-1980 жылдары Дүйсекенов Сейжат, 1980 -1994 жылдары Сердалин Төлеубек, 1994 -1995 жылдары Мұқанов Мәлік, 1995 -1996 жылдары Арғынбаев Тәңірберген, 1996 -1997 жылдары Бекшетаев Раиса, 1998- 2002 жылдары Байтұмақов Әділғазы.
2002 жылдан бері мектепке Қуатбекова Салтанат басшылық етіп келеді.
            Осы күнгі  мектеп  ғимараты 1983 жылы пайдалануға берілген.