Батырлар, Еңбек Ерлері және басқалар жайлы деректер

Есеболатов Нұрсұлтан 1913 жылы  Діңгек ауылының (қазіргі Н.Есеболатов) Қызылқайың елді мекенінде дүниеге келген. Балалық шағын сол жерде өткізген ол есейгенде Алматы қаласында жұмыс істеп жүріп, Ленин аудандық әскери комиссариатынанмайданға аттанды. Барған бетте Қазақстанда жасақталған Панфилов басқарған 316- шы атқыштар двизиясы сапында ұрысқа кіріскен. Олар 1941 жылдың қазан, қараша айларында Мәскеуге жақындағанжау әскеріне бірнеше мәрте тойтарыс берді. Қарашаның 16- сы күні немістер Волокалам тас жолы бағытында тағы бір сұрапыл шабуылға шықты. Қаһарман 28 панфиловшылар жаудың алдымен 24 танкісін, сонан соң 30 танкісін жойып, өздерінің де көпшілігі мерт болды.Олардан небары 4 адам ғана тірі қалды, бірақ дұшпанның теңдессіз күшіне ерлікпен тойтарыс бергені үшін барлығы Кеңес Одағының Батыры атанды.
Сиқымов Есмұрат 1922 жылы Ақсу ауылында дүниеге келген. Соғысқа дейін Қапалдағы мұғалімдер дайындайтын учелищені бітірген. Ұрысқа 1941 жылы аттанып, генерал- лейтенант Пухов басқаратын 13- ші Армияның 74- ші атқыштар двизиясы сапында пулемет расчетының командиріне дейін көтерілді. 1943 жылы күзде Посудово деревниясы үшін болған қиян- кескі ұрыста ол жау бекінісіне бірінші болып басып кіріп, ДЗОТ- ын құртып жіберді. Сол ұрыста тағы 60 дұшпанды өлтірген ол өзі де оққа ұшып, Кеңес Одағының Батыры атанды.
Сүйеубаев Отызбек 1909 жылы Сағабүйен ауылында дүниеге келген, Сағакүрес артелінің аға шопаны болып жүрген 1948 жылы 23 шілдеде  КСРО Жоғарғы Кеңесінің Президиумының Жарлығымен қой шаруашылығын дамытуда қол жеткізген жоғары жетістіктері үшін Еңбек Ері атанды.
Нұрсейітов Наужан 1908 жылы Сағакүрес ауылында дүниеге келген. Сағакүрес артелінің аға шопаны болып жүрген 1949 жылы 9 шілдеде  КСРО Жоғарғы Кеңесінің Президиумының Жарлығымен қой шаруашылығын дамытуда қол жеткізген жоғары жетістіктері үшін Еңбек Ері атанды.
Оңалдинов Нұрлан 1910 жылы Қосағаш ауылында туылған. Шолақөзек артелінің  аға шопаны болып жүрген 1948 жылы 23 шілдеде  КСРО Жоғарғы Кеңесінің Президиумының Жарлығымен қой шаруашылығын дамытуда қол жеткізген жоғары жетістіктері үшін Еңбек Ері атанды.
Жанбаев Құрманбай 1906 жылы Ойтоған ауылында туылған. Молотов атындағы ұжымшарда аға шопан болып істеген, 1949 жылы 9 шілдеде  КСРО Жоғарғы Кеңесінің Президиумының Жарлығымен қой шаруашылығын дамытуда қол жеткізген жоғары жетістіктері үшін Еңбек Ері атанды.
Жұбаев Кәріпжан 1923 жылы Ақсу ауылында туылған, 1941- 1945 жылдарғы неміс- фашистерімен болған соғысқа қатысқан ардагер, Ақсу ұжымшарының аға шопаны 1956 жылы 4 шілдеде  КСРО Жоғарғы Кеңесінің Президиумының Жарлығымен қой шаруашылығын дамытуда қол жеткізген жоғары жетістіктері үшін Еңбек Ері атанды.
Балтабаев Таныбай 1915 жылы Ақтоған ауылында туылған. №147 аудандық жылқы зауытының малшысы, 1949 жылы 30 маусымда  КСРО Жоғарғы Кеңесінің Президиумының Жарлығымен жылқы шаруашылығын дамытуда қол жеткізген жоғары жетістіктері үшін Еңбек Ері атанды.
Адлер Отто 1930 жылы Ресейде туылған, 1975 жылы 10 шілдеде  КСРО Жоғарғы Кеңесінің Президиумының Жарлығымен ауыл шаруашылығын дамытуда қол жеткізген жоғары жетістіктері үшін Еңбек Ері атанды.
Тастанбекқызы Сара 1878 жылы Қосағаш ауылында туған.1894 жылы Ешкіөлмес жайлауында атақты Біржан салмен айтысқан. 1916 жылы қайтыс болған.
Айханов Әбілсейіт 1937 жылы Қаракөз ауылында туылған, Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Еуропа және КСРО-ның еркін күрестен бірнеше дүркін жеңімпазы.
Арынов Мұхтар 1936 жылы Ақсу ауылында туылған, филология ғылымының докторы, прфессор, бірнеше ғылыми кітаптың авторы.
Айтқожин Қуаныш 1970 жылы Жансүгіров поселкесінде туылған.1986 жылы оқушылар арасында Қазақстан чемпионы атанса, 1991 жылы ТМД кубогын жеңіп алды. Қытай, Чехия мемлекеттерінде еркін күрестен өткен халықаралық жарыстардың алтын меделінің иегері.
Шалапов Төкен 1955 жылы Жансүгіров поселкесінде туылған, қазақша күрестен Қазақстанның чемпионы.
Бекежанов Дүйсетай 1934 жылы Қарашілік ауылында туылған. 1986 жылға дейін аса көрнекті қоғам қайраткері Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың көмекшісі болды.
Жұмабеков Оңалсын 1947 жылы Қаракөз ауылында туылған. Белгілі қоғам қайраткері, қазір Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы.
Берсүгірова Дәмеш 1905 жылы Ағарту ауылында туылған, 1920-1960 жылдар аралығында білім беру саласында қызмет еткен, «КСРО-ға еңбегі сіңген мұғалім». «Ақсу ағыны», «Саржайлау», «Қостерек» сияқты дастандары Қазақ әдебиетінің алтын қорынан орын алған.
Қалилаханов Тәңірберген 1916 жылы Бөрілі төбе ауылында туылған. 1935 жылдан  аудандық «Ленин жолы» газетінің редакторы, 1939 жылда Ақсу ұжымшар-кеңшар халық театрының директоры, кейінгі жылдары партия, баспасөз қызметтерінде істеген. Республикалық «Жалын», «Рауан», «Жазушы» баспаларынан оннан астам кітабы жарық көрген драматург. І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің құрметті профессоры.
Жұмашев Ораз 1936 жылы Діңгек ауылында туылған. Ұзақ жылдар партия, Кеңес қызметтерінде істеген, зейнеткерлікке «Ақсу өңірі» газетінің редакторы болып шықты. «Даладағы ағындар», «Сезім сырлары» кітаптарына енген өлеңдеріне белгілі сазгер М.Егінбаев бірнеше ән шығарып, қазақ сазының алтын қорына жазылды.
Ақыпбекұлы Өтепберген 1950 жылы Қызылағаш ауылында туылған. Еңбек жолын аудандық газеттен бастаған ол республикалық «Қазақ әдебиеті», «Денсаулық», «Жалын» баспаларында, Қазақтың күн райын зерттеу орталығында, Ұлттық банк аппаратында, Әділет министрлігінде қызмет жасады.
Әмірғалиев Назарбек 1932 жылы, әйелі Дәмен Шаймерденова 1935 жылы Қаракемер ауылында туылған, Ақсу халық театрының режиссері, «Қазақ КСР-інің мәдениетке еңбегі сіңген қызметкері. Құрамында Жәрдембек Тостағанбетов, Бағила Тынысбекова, Разбек Жалдыбеков сынды талантты әртістері бар театр ұзақ жылдар республикада жүлделі орыннан түспеді.
Жайсаңбаев Есболған 1940 жылы Суықсай ауылында туылған. 1958 жылы М.Әуезов атындағы академиялық драма театрының актерлік студиясына оқуға түсіп, оны бітірген соң өмірінің соңына дейін театрда жұмыс істеді. Аз ғұмырында «Еңлік- Кебек», «Қозы көрпеш- Баян сұлу», «Ақ шаман» сияқты отыздан астам киноларда ойнаған, Қазақстанның өнер саласына еңбегі сіңген оның атында мектеп бар.
Сақауова Бәтима 1926 жылы Адай ауылында туылған. Комсомол, партия қызметтерінде істеп,1968- 1982 жылдары облыстық аупартком төрағасының орынбасары болды. «Алматы облысының құрметті азаматы», дербес зейнеткер.
Түменбаева Күләш 1938 жылы Қызылту ауылында туылған. Аудандық комсомол, партия қызметтерінен облыстық халықты әлеуметтік қорғау бөлімінің бастығына дейін көтерілген.
Қоңырбаева Майнұр 1924 жылы Қызылағаш ауылында туылған. Баспасөз, партия қызметтерінде істеп, дербес зейнеткерлікке шыққан, «Ақсу ауданының құрметті азаматы».
Мәдіғожин Тұрсынғали 1938 жылы Ойтоған ауылында туылған. Жоғары авиациялық І- ші сыныпты ұшқыш. КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен «КСРО-ға еңбегі сіңген ұшқыш» атағы берілген.

:flag:  :flag:  :flag:  :flag:  :flag: